Bugin
Фото: depositphotos
Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазды өкіл Динара Закиева.
Асыранды балалар 5 жыл бойы фермада ауыр жұмысқа жегіліп, құлдықта болған.
Бір отбасынан шыққан үш бала 1 қыз және 2 ұл анықталды. Патронаттық отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 шақырым қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген,- деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.