Bugin

Нұрсұлтан Назарбаев 15 тәулікке қамалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Алматы полициясы Назарбаевты жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2024 жылдың 4 ақпанында Сейфуллин даңғылы мен Табаяқова көшесінің қиылысында полиция қызметкерлері "Toyota Camry" көлігін тоқтатқан. Көлік жүргізуші Нұрсұлтан Назарбаевтан мас болу дәрежесін анықтау үшін түтікке үрлеуді сұраған.

Экс-президенттің аттасы медициналық тексерістен өтті.  Сот процесінің нәтижесінде 15 тәулікке қамауға алынды. Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Полицейлер көлікті тұраққа апарды.

Шешіммен келіспеген жүргізуші аппеляциялық шағым түсірген. 2001 жылы туған Нұрсұлтан Назарбаев өз өтінішінде дәлелді себепсіз тоқтатылғанын және алғашқы медициналық тексеруден нәтиже шықпағандықтан, алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін заңсыз қан тапсыруға мәжбүр болғанын көрсеткен.

Тараптардың пікірін тыңдаған Алматы қалалық соты 9 ақпандағы бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды.