Bugin
Фото: depositphotos
Синоптиктер 20-22 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазгидромет мәліметінше таулы аймақтарда қалың қар жауады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығында арктикалық антициклон әсерінен ауа райы аязды болады. Ал оңтүстік циклонның әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады.
"Алдағы үш күнде таулы аймақтарда қалың қар жауады. Мұнымен қатар республиканың оңтүстік-шығысында аяз біртіндеп әлсірейді. Астанада тек апта соңында ғана аяз сынып, температура -15 градусқа дейін көтерілетін болса, Алматыда апта соңында күн айтарлықтай жылынып, температурат +1 градусқа дейін артатыны туралы болжам бар. Есесіне, демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауады. Ал келер апта Алматыда күн райы жылы болады", делінген хабарламада.
Синоптиктер еліміздің басқа аймақтарда да ауа райы қандай болатынын айтты.
"Батыста ауа температурасы түнде 10-25 градус, ал күндіз 5-15 градус аяз болады. Республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38 градус, күндіз 15-23 градус аяз арасында сақталады. Шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде – 32-45, күндіз – 20-32 градус, ал оңтүстік-шығыста түнде – 15-25, күндіз 0-13 аяз болады", – делінген хабарламада.