Bugin
Фото: видеодан скриншот
Семейде қатты аяздың әсерінен аспалы көпір екіге бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бейресми деректерде "Саңылаулардың ұзындығы кейбір жерлерде 20 сантиметрге жетеді", делінген. Көпірдің құлау қаупі жоқ деп сендіреді.
"16 ақпанда -29 градус ауа температурасында деформациялық тігістер мен аспалы көпір тіректерінің көрінетін конструкциялары тексерілді. № 1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық тігістердің жоталары арасындағы № 10 тіректе 60 мм саңылаулар табылды. Көпір тіректерінің жай — күйі қанағаттанарлық деп бағаланды, көпірдің құлау қаупі анықталған жоқ",– деп хабарлады Семей әкімдігінде.