Bugin

6 жасар баланы зорлаған қылмыскерге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Чилонзор аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында 6 жасар баланы зорлаған күдіктіге сот үкімі шықты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбектанда 2017 жылы туған балаға жасалған сексуалдық сипаттағы қылмысқа қатысты жабық сот отырысы өтті. Балалар омбудсмені сот процесіне баланың заңды мүдделері тұрғысынан қатысты.

Сот осы ауыр қылмысты жан-жақты және объективті түрде тергеп, істегі дәлелдемелерді және іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды негізге ала отырып, сотталушыны кінәлі деп таныды. Оған Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2011 жылғы 16-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен 16 жылға бас бостандығынан айыруға  үкім шығарды.