Bugin

Атырау облысында жоғалған адамдардың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

19 ақпанда Атырау облысы Мақат кентінің тұрғындары 4 адам, оның ішінде 1 бала мал іздеуге қыстауға қарай жеңіл автокөлікпен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ТЖМ мәліметінше, оларды іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, полиция, жоғалған адамдардың туыстары жаяу және автокөлікпен іздестірген. Іздеу-құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да тартылды.

ТЖД күшімен жоғалған адамдар елді мекеннен 80 км қашықтықта табылды. Жоғалған тұрғындардың көлігі батпақты жерлерде тұрып қалған. Зардап шеккендер жоқ.