Bugin

Балалар үйінің меңгерушісі қыздарды шенеуніктермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өзбекстанда балалар үйінің меңгерушісі тәрбиеленушілерді шенеуніктерге сатқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Рodrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Балалар үйінің меңгерушісі 15, 16 және 17 жастағы үш оқушыны шенеуніктермен жыныстық қарым-қатынаста болуға мәжбүр еткен. 

Шенеуніктің бірі балалар үйіне сыйға тартылған принтер үшін бір қызды сұратқан. Меңгеруші 16 жастағы тәрбиеленуші өз еркімен баруға көнбегеннен кейін бопсалап, інісін ұрып-соққан.

Кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу үшін басшылар басқарма қызметкерлеріне қызметтік баспана ретінде бөлінген пәтерді пайдаланған. Кейінірек бұл пәтерге 15 және 17 жастағы тағы екі қыз бірнеше рет келген.

Сот шешімімен балалар үйінің меңгерушісі 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.