Bugin
Фото: Видео скрині
Ер адам ішіп келіп, әйелін, өгей ұлын және өзінің ұлын пышақтап өлтірген. Ал 12 жастағы өгей баласы қашып құтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жантүршігерлік оқиға Татарстанның Менделеевск қаласында болған. Ер адам өгей баласы мен 2 жасар өзінің баласын өлтіргеннен кейін, 12 жастағы өгей баласына пышақ ала жүгірген. Жеткіншек терезеден қашып үлгерген.
Ол жақын маңдағы наубайханаға барып, ол жердегі адамдардан көмек сұраған. Наубайхана қызметкерлері бозбалаға алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдем қызметін шақыртып, солайша бала ауруханаға жеткен.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.