Bugin
Фото: Kazinform
Ақмола облысында көлік жүргізушісі егде жастағы қарияны қағып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әйел адам көшенің рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның Аршалы кентінде болғанын айтады. 20 жастағы жүргізуші «Volkswagen Passat» көлігімен 82 жастағы қарияны қағып кеткен. Алған жарақатымен күресе алмаған әйел аурухана қабырғасында қайтыс болған.