Bugin
Фото: Armavir Administrative Region RА
Босанған ана өз баласын қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Даладағы 30 градус аязға қарамастан жаңа туған баласын қоқыс жәшігіне тастаған 22 жастағы әйел тұтқындалды.
Баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан адам құтқарып, дереу көмек көрсеткен.
Светлана Баштакова есімді бойжеткен жігітінен жүкті болып қалған. Тұрақты тіркеуі жоқ, ресми түрде жұмыс істемейтін қыз баланы керек қылмаған.
Ол үй жағдайында өзі босанған. Ал көршілері қызды көргенде оның денесіндегі өзгерістерді байқамаған.
Тергеушілердің мәліметінше, көкек-ана баланы полиэтилен пакетке орап, көшедегі көрші тұрған көпқабатты үйдің қоқыс жәшігіне салып кеткен. Ал бала аязды күні үсіп қалмай, қалған. Оны көрші ер адам тауып алған. Көршілер арасында бұл нәресте "періште" деп танылып кетті.
Ал баласын қоқысқа тастаған әйел ісіне өкінетінін жеткізді.