Bugin
Фото: picasaweb.google.com
Үндістанда қалыңдық той өткеннен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.
Достары 23 жастағы Лайла Афияның үйлену тойы керемет өткенін айтады.
Жас жұбайларды құттықтауға көптеген қонақтар келген.
Кейін ең жақын туыстары мен достары Афияның үйіне үйлену тойынан кейінгі рәсімдерді өткізу және көңіл көтеру үшін барыпты. Куәгерлердің айтуынша, қалыңдық мерекеде жадырап жүрген. Түнгі сағат үш шамасында қыз кеудедегі қатты ауруға шағымданып, есінен танып қалды. Әкесі оны дереу жақын ауруханаға апарғанымен Афияның өмірін арашалай алмаған.
Олар қыздың бірнеше минут ішінде қайтыс болғанын, өлімнің себебі инфаркт болғанын атап өтті.