Bugin

Жел, боран, суық: -45 градус аяз қай өңірде күтіледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: www.ptoday.ru

Еліміздің кей өңірлерінде аяз болып, оқушылар қашықтан білім алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

20-21 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында 45 градус өте қатты аяз күтіледі. Қарағанды облысында салқын жел соғады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 35-39 градус қатты аяз болады.

Қызылорда, Ұлытау облыстарында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.

Абай облысының орталығында бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болмақ.

Жамбыл облысында 20-21 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғып, аяз күтіледі.

Ал астаналық оқушылар аяздың салдарынан қашықтан оқиды.

2024 жылғы 20 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген білім басқармасының хабарламасында.