Bugin

Жасөспірім әкесінің әрекетінен кейін өзін өлтірмек болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: what.superiorapch.edu.

Түркістанда қыз бала әкесімен ұрысып қалғаннан соң суицид жасамақ болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қызды полиция қызметкерлері дер кезінде құтқарып үлгерген.

Қыз баланың телефонын әкесі тартып алған. Солайша екеуінің арасында жанжал туып, қыз ойланбастан көпірден секірмек болады. 

Белгілі болғандай бұл оқиға кешкі 21:00 шамасында болған.

 Тәртіп сақшылары келген кезде жасөспірім қыз көпірден секіруге ыңғайланып тұрғанын көріп, райынан қайтару үшін онымен тез арада сөйлесу қажет екендігін түсінді. Содан полиция инспекторлары бойжеткенді секірмеуге үгіттеп, қауіпті қадам жасамауға көндіре бастайды. Сол сәтте тәртіп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді шапшаңдықпен ұстап қалып, қауіпсіз аумаққа алып шықты. Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер осылайша 9-сынып оқушысын құтқарып қалды, - делінген Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хатында.