Bugin
Фото: видеодан скриншот
Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың мектепте намаз оқыған видеосына қатысты тексеріс бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтарында айтылды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан бір топ оқушының сәждеге жығылып жатқанын байқауға болады.Видеодан мектеп партасы көрінеді. Спорттық киім киген бозбалалар қай мектептің шәкірттері екені әзірге белгісіз.
Оқиғаның қай өңірде болғаны да беймәлім. Жалпы заң бойынша оқу орындарында діни құлшылық жасауға тыйым салынған. Білім басшылары сабақ барысында құлшылық жасауға рұқсат берген білім ошағын анықтап, шара қолданбақ.