Bugin
Фото: depositphotos
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында наурызда ауа райы қандай болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Ақпанның үшінші онкүндігінде синоптикалық болжам бойынша, елдің солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -5 градустан -15 градусқа дейін, күндіз 0 градустан -7 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы -12 градустан -20 градусқа дейін, күндіз -3 градустан -12 градусқа дейін төмендейді деп болжанады", - деді министр.
Наурыздың үшінші онкүндігінде елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде 0 градустан, -8 градусқа дейін, күндіз 0 градустан +8 градусқа дейін жылынады деп күтеледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде 0 градустан +8 градусқа дейін, күндіз +5 градустан +15 градусқа дейін жоғарылайды деп айтылған.
Нысанбаевтың мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашын қар, елдің оңтүстігінде жаңбыр, ылғалды қар түріндегі ауа райф болады деп күтіліп отыр.