Bugin
Фото: depositphotos.com
Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан Хабар арнасына сұқбат берді. Олар қонақ кәде ретінде ащы шындық айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі бағдарламаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қос ақын елдегі біраз проблемаларды арқау етіп, мәселелерді ашып айтты.
"Жан емеспін негізі хайп құмар,
Жемқорлықтан елді кім айықтырар?
Жемқорлықты жоймаса, Қазақстан,
Қазақстанды жемқорлық жойып тынар.
Жемқор аузын тыймай жүр,
Қу дүниені қимай жүр.
Бәрі сыйған аузына,
Қазақ тілі сыймай жүр",- деді.
Олар ары қарай да бірнеше мәселелерді айтты.