Bugin

“Жұмыс тоқтады”: Майқайыңдағы апатқа қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

"Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Жұмыстың тоқтау себебі алтын рудасы таусылған. Сонымен қатар жер астын қазуға рұқсат жоқ.

"Алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынды. Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны - 1100 адам. Олардың әрі қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі", - дейді ресми жауап берген кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.

Маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.