Bugin

Балабақша қызметкерлерінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Желіде балабақша қызметкерлерінің ішімдік ішкен видеосы талқыға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Атыраудағы №2 “Ақсұңқар” бөбекжай-бақшасында орын алған жағдай көптің жағасын ұстатты. Аталған мекеме Атырау қаласына қарасты Көкарна елдімекенінде орналасқан. Видеодан әйелдердің ішімдік ішіп отырғанын көруге болады.

Аталған іс бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның былтыр күзде түсірілгенін анықтады. Ал, әлгі әйелдер педагог емес, еден жуушылар болып шықты.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.