Bugin

23 жастағы келіншек толғақ кезінде қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Қырғызстанның Талас өңіріндегі ауруханада келіншек толғақ кезінде қаза болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Талас ауданындағы Чат-Базар аймақтық аурухана қызметкерлері қаза туралы полицияға хабар берген. Жүкті келіншек ол жерге 07:18 шамасында келіп, толғақ уақытында қаза болған. Келіншек Қара-Ой ауылының тұрғыны екен. 

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталған. Қаза болған келіншектің туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр.