Bugin
Фото: top-fon.com
Атақты актер Майкл Джексонның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Майкл Джексон 2009 жылы 50 жасында қайтыс болған.
"Сахна королі" саналған жұлдыз концерттер мен түсірілімдерге дайындық барысында ұйықтағанды өте жақсы көрген.
Бір концертке дайындық кезінде демалып, ұйықтап алғысы келген Майкл Джексон өзінің жеке дәрігері доктор Конрад Мюррейден профовл препаратын алады. Дәрігер дайындаған ұйықтататын дәрінің күшті болғаны соншалық, 2009 жылы 25 маусымда Майкл Джексон көз жұмады.
Ал дәрігер Конрад Мюррей кейіннен абайсызда кісі өлтіргені үшін сотталды.
Бірақ актердің жақтастары бұл жағдайға сенбейді. Олардың ойынша өнер иесінің өміріне қасақана шабуыл жасалуы да мүмкін.