Bugin

Ақтауда азаматтардың жеке дерегін ұрлаған хакер сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз алмақ болған Ақтаудан шыққан хакер сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

"Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді. Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары деп есептелетін мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеу кезінде анықталды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.