БІЛІМ

Қазақтың жазықсыз атылған тағы бір қайраткері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек 

Бүгін - мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, аграрлық шаруашылық мәселесінің білгірі Ораз Жандосовтың туған күні. Bugin.kz порталы Ораз Жандосов туралы деректерді назарларыңызға ұсынады.

Жандосов Ораз Қыйқымұлы 1889 жылы  Жетіу облысы, Верный уезінде дүниеге келген. 1938 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында өмірден өтті.

Болашақ мемлекет қайраткері 1918 жылы Верный қаласында орналасқан “Верный” ерлер гимназиясын аяқтайды. 

Ораз Жандасов әр жылдары мемлекет және қоғам игілігі үшін түрлі саяси қызметтерді атқарды.

Қазақстанда кеңестiк билiк орнағаннан соң, Жетiсудағы ұлт iстерi жөнiндегi облыстық бөлiм басшысы болды.

1919-1921 жылдары Түркiстан КП мұсылман коммунистерi секциясы облыстық бюросының төрағасы ретінде сайланды.

Жетiсу облыстық революциялық әскери комитетiн және облыстық “Қосшы” одағын басшылық қызметте болды.

1921-1923 жылдары Түркiстан КП ОК-iнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi және БК(б)П Қазақ өлкелiк комитетiнiң екiншi хатшысы болды. 

1923-1924 жылдары Мәскеудегi К.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқыды. 

1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелiк комитетi үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды. “Еңбекшi қазақ” газетiне басшылық жасаған уақыты осы кезбен тұспа-тұс келедi.

1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы, қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар республикалық кiтапхананың директоры болды.

Ораз Жандосов білікті қайраткер ретінде ұлтаралық қаты­насты реттеуге көп еңбек сiңiрдi. 

1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды.

1938 жылы наурызда ату жазасына кесiлдi.

Дереккөз: e-history.kz, egemen.kz