Bugin

"Жас балалар ауыз бекітуге міндетті ме?": діни басқарма жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

2024 жылы Ораза 11 наурызда басталады. Ораза ұстау бәріне бірдей міндеттелген бе?Жас балаларға ораза ұстау міндет пе? Бұл сұраққа Muftyat.kz инстаграмдағы парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес. Осы орайда денсаулығы жарамайтын және жүкті, емізулі аналарға да ораза ұстау міндеттелмейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

"Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанга дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан".

Балиғат жасы ер балалар үшін 13 жас болса, қыз балалар үшін 10-11 жас аралығы.