Bugin

Ұлытауда балаларды құлдықта ұстаған отбасы туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Ұлытауда ерлі-зайыптылар үш баланы асырап алып құлдықта ұстаған, бірақ осы әрекеттері үшін олар екі жылға ғана сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жетімдерді жекесіне айналдырғандар туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.

"Заң бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Азаптау" немесе "қорғаншы мен қамқоршының құқықтарын теріс пайдалану" баптары бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға санкциялар бар", - деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар, ол қазір бұл іс бойынша тергеуші баланың құқықтарын сақтамағаны үшін қорғаншылық органдарына ұсыныс жасауы керек екенін атап өтті.

Зардап шеккен үш баламен психологтар жұмыс істеп жатыр.