Bugin
Фото: depositphotos.com
Хорезмдегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскер қазір түрмеде емес. Ол колония-қоныста жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Озодлик радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы хабарлаған Өзбекстанның "Эзгулик" құқық қорғау қоғамының төрағасы Абдурахман Ташанов жағдайды "қоғамның алдау" деп бағалады. Ол бұл жағдай туралы:
"Яғни, педофилдер түрмеге емес, колонияда жазасын өтеуге жіберіледі. Оның үстіне бірінші сот отырысынан бері олардың үйде өткізген уақыты жазадан шегерілді. Біздің судьялардың қулығы сонша, "педофилдер 3 жыл түрмеде отырады" деп жұртшылықты сендірді. Бірақ іс жүзінде олар колония-қоныста болғандарына 2 жылдан асты", - деді.
Жауапты ведмоство олар "қоғамға қауіпті емес екенін" айтып, ақтады.
Nemolchi.uz анықтаған дерек бойынша, Үргеніштегі Мейірімділік үйінің директоры үш қызды таңдап алып оларды еркектерге сатқан. Бұл 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жалғасқан.