Bugin
Фото: depositphotos
Мәжіліс депутаттары 21 ақпанда палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына соттайтын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Құжатты депутат Жұлдыз Сүлейменова ұсынды.
"Заң жобаларын мәжіліс депутаттары президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмаларын іске асыру үшін әзірледі. Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу мақсатында бірқатар заңнамалық нормалар көзделген", - дейді Сүлейменова.
Заң жобасы толық мақұлданса педофилдер мен бала өліміне кінәлі адамдар өмір бойына бас бостандығынан айырылады.