Bugin

11 жастағы мектеп оқушыларына неліктен екпе салынатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Келесі оқу жылының басында еліміздегі оқушы қыздарға жатыр мойны обырына қарсы екпе салынады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

 Қазақстанда 2024 жылдың үшінші тоқсанында 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе салу науқаны басталады.

Қазақ онкология және радиология ҒЗИ бөлім меңгерушісі Толқын Садықованың айтуынша,  11 жастағы қыздар 1 дозалық америкалық вакцина алады. Екпенің күші адамға  10 жылға жетеді екен.