Bugin

“Қорқытып ұстаған”: Полиция қызметкері 16 жастағы ер баланы ұзақ жыл зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

“Әйел әлемі” бағдарламасында заңгер Ләззат Рақышева ұзақ жыл әділдік таппаған оқиға туралы айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Заңгер:

"2018 жылдың жаз айында Түркістан облысы, Абай ауылының 22 жастағы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасы туралы хабарланған. Жігіт өзін 16 жасынан бастап екі ер адамның зорлап келгенін және олардың біреуінің үстінде полиция формасы болғанын айтады. Алғаш рет оны 2012 жылдың наурыз айында зорлап, бұл қаншама жыл көлемінде созылған. Айтуынша, зорлап қана қоймай интимдік видеолармен бопсалап, ақша талап еткен. Баласының басынан өткен жағдай туралы білген кезде ата-анасы екі ер адамның үстінен шағымданған. Бірақ олар бірнеше жылдан бері тергеудің әділ жүргізілмей келе жатқанын айтады.
Осы оқиға да жігітке танымал қазақстандық адвокат Айман Омарова қол ұшын созады. Оның айтуынша, қолда аудио және видео жазбалардың бар екеніне қарамастан, полиция бұл іске күдіктілерді қамауға алуға асықпайды",-деді ол.

Жағдай өзгеріссіз, қылмыскерлер жазасыз жүреді. Жәбірленуші:
 "Жасөспірім ұл баланы зорлап, видеоға түсірген . Тіпті біреуге айтсаң, ғаламторға жариялаймыз деп қорқытты. Олардың туыстары органда істейді, депутат ағасы да бар. Лауазымда қызмет ететін ағасын жұмыстан алды. Басқа жаза қолданған жоқ. Туыстары әкеме келіп айқайлап, мен тұрғанда оларды қамата алмайсыңдар деп қорқытты”,- дейді.

Осы 2018 жылы адвокат Айман Умарова 6 жыл бойы әділдікке жете алмаған жәбірленушіге қол ұшын созады. Ол бүкіл дәлелдерді жинап бұл істі жеңіп шыққан.