Bugin
Фото: depositphotos.com
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте тың дерек айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол:
"Қаңтар айының соңында Таиландтағы консулдың WhatsApp мессенджеріне Қазақстан азаматынан "алтын үшбұрышта" еңбек құлдығына түскені туралы хабарлама келген. Ол құтқаруды сұраған. Жергілікті билікпен бірге атқарылған іс-шаралардан кейін екі қазақстандық еңбек құлдығында жүргені анықталды. Бір ай көлемінде жұмыстардың нәтижесінде олар құтқарылды. Қазіргі таңда Қазақстанға ұшып келе жатыр. Бұл қыздар сол елде осындай жағдай орын алуы мүмкін екенін де білген. Бірақ олар ештеңе болмайды беп ойлаған. Оларды құқықтық сауатсыздығы үшін кінәлай алмаймыз. Жоғары білімі бар, тілдерді меңгерген қыздар. Жоғары жалақы береді деген сөзге алданып қалған", - деді.