Bugin

Әйелдің кәмелетке толмаған қызын бөтелкелестері зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген "достары" кейін оның қызын зорлаған.

"Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған",- дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.