Bugin
Фото: Polisia.kz
Жолда жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеп.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Қайғылы оқиға 21 ақпан түні Алматы – Өскемен тас жолының 455 шақырымында Сарқан ауданында болды.
Nissan Terrano көлігін тізгіндеген жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, DAF XF 105 жүк көлігімен соқтығысады. Жеңіл көліктің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал көлікте болған жолаушы бойжеткен түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жатқызылды.
Аталған жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.