Bugin

Алматыда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінгенін сезді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жер асты дүмпулері сейсмикалық станцияларда да тіркелді.

Сілкініс 22 ақпанда, сағат 00:26-да болған. Оның эпицентрі - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орналасқан Қытайдың аумағы.

Алматылықтарға 2 балдық сілкініс сезілген.

ТЖМ мәліметінше зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ақпарат түспеген.

Өзге де шұғыл ақпаратты Telegram-нан оқыңыз!