Bugin
Фото: fotokonkurs.ru
6 жасар қызды өзінен 10 есе үлкен ер адамға сатып жіберді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл оқиға Ауғанстандағы ауылдардың бірінде болған. Қыздың әкесі перзентін 55 жастағы ауыл молдасына сатқан.
Куәгерлердің айтуынша, қыз баланы тұрмысқа берген әке отбасында бір адамның азайғанына қуанған.
6 жасар қыздың "қалың малы" бір ешкі, бір қап күріш, шайға, қант және бірнеше литр өсімдік майы болыпты.
Ауғанстан заңдары бойынша әйелдер 16 жастан бастап, ал ер адамдар 18 жаста некеге тұра алады.