Bugin
Фото:depositphotos
Жетісу облысында "Алакөлжылу" кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік бюджетті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысы мен компания арқылы жасалған", - делінген прокуратура ақпаратында.
Бұл іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Үкім заңды күшіне енген жоқ.