Bugin

Алматыда 232 адам Гонконг тұмауын жұқтырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Алматыда ЖРВИ жұқтырған адамдардың саны  22 235-ге жеткен, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жаиялады.

"Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 997,2%. Өткен жылдың қараша айынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың (Гонконг тұмауын) 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық",– дейді Әсел Қалықова.