Bugin

“Зорлаған”: танымал діни қызметкерге ауыр айып тағылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Австралиялық епископ Кристофер Сондерс зорлау және жыныстық қылмыс жасады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

74 жастағы ер адам Батыс Австралия полициясы мен Рим Папасы тапсырыс берген параллельді тергеуден кейін Брум қаласында қамауға алынды.Сондерс мырза өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындамады.

Сондерс  екі зорлау, 14 сол тектес қылмыстарға барды деген күдікке ілінді. Болжалды қылмыс Батыс Австралияның шалғайдағы Брум, Кунунурра қалаларында және Калумбуру аборигендік қауымдастығында 2008 және 2014 жылдар аралығында болған.

Сондерс – балаларға жыныстық қылмыс жасады деп айыпталған елдегі ең жоғары лауазымды католиктік шенеунік. Ол ел арасында танымал және өте сыйлы адам. 

Сондерс 2020 жылы алғаш рет айыпталды. Ол кезде тергеу жабылды.  Алайда Рим папасы тарихи тергеу жүргізуге бұйрық бергеннен кейін полиция жаңа тергеуді бастады.