“Бишімбаев өлтірмеген”: Нүкенованың өліміне қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Коллаж. Ulysmedia

Еліміздің экс-министрі Бишімбаевтың адвокаттары Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова YouTube-тегі elmedia_kz арнасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Адвокаттар журналист Гүлжан Ерғалиеваға берген сұхбатында атышулы іс бойынша өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін айтты. Олар әрбір азаматтың қорғануға құқығы бар екенін атап өтті.

Адвокаттардың айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кінәсін мойындамайды. Қорғаушы сұхбатта:

"Қуандық Бишімбаев бұл жағдайды қайғылы жағдай деп сипаттайды. Ол кісі өлтірудегі кінәсін мойындамайды. Ол болған оқиғаға әлі де сенбейді. Ол Салтанатты әлі де жақсы көреді", - деді.

Салтанат Нүкенованың өліміне Бишімбаевтың адвокаттарының айтуынша, бір айлық субдуральды гематома себеп болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61