Bugin
Фото: Bugin.kz
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров депуттатық сауалға жауап беру барысында мобильді аударымдар туралы тың дерек айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Осыған дейін 3 айда 100 аударым жасалған адамдар тексерілетіні айтылған еді.
Енді нақты жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан (255 мың теңгеден) асатын ақшаны мобильді аударым арқылы алған адамды тексере бастайды. Министрдің айтуынша, мобильді аударымға салық салуға қатысты заң қайта қаралуы мүмкін екен.
Қолданыстағы кәсіпкерлік кодекске сай бір жылдық табысы 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.