Bugin

Әйел 3 жасар қызын аюдың торына лақтырып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Әйел жануарлар саябағында үш жасар қызын  аюдың торына лақтырып жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға Өзбекстанның Ташкент қаласында 2022 жылдың 28 қаңтарында болған. Әйел күйзелісте екендігі анықталды. Отбасын қолдау министрлігі әйел қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, оған және оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілгенін хабарлады.

"Азаматша З.Т екі баласымен бірге Ташкенттің Сергелий ауданындағы әкесіне тиесілі пәтерде тұрады. Ол жұбайының Ресейге кеткені әсерінен күйзеліске түскені белгілі болды", - деді агенттіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Аю қызға тиіспеген. Алайда 3 жасар қыз биіктен құлап, жарақат алған.