Bugin
Фото: depositphotos.com
Ташкент облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Эмине Караманова (Ленара Мирахмедова) 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі darakchi.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 2023 жылдың көктемінде блогерлік жұмысына қатысты тұтқындалған еді.
47 жастағы блогерге Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139- (Жала жабу), 140- (Қаралау) және 165- (Бопсалау) баптары бойынша айып тағылды.
Тергеу органы блогерге жүктеген Қылмыстық кодекстің 167-бабы (Қылмыстық жолмен иемдену арқылы тонау) және 228-бабы (Құжаттарды қолдан жасау) оның жауапкершілігінен алынып тасталды.
Бопсалау эпизодының құрбаны Янгиол аудандық әкімшілігінің қызметкері. Блогер жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.