Bugin

Танымал спортшы жеті жасар баланы өлтіріп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Самбо жаттықтырушысы шәкіртін өлтіріп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Caliber.az сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Әзербайжанда Сұмғайыт қаласындағы спорт мектебінде болған. Еуропа ойындарының қола жүлдегері Мехман Халилов дзюдо мен самбодан өткізген жаттығуы кезінде Фарид Бакаров есімді бала ауыр жарақат алған. Белгілі болғандай, спортшы балаға қауіпті тәсіл қолданған.

"Жеткіншек дереу қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, артынша қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.