Bugin
Фото: pexels.com
Түркістан облысында ер адамның балаларды тепкілеген видеоға қатысты Білім министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталған. Ол балалардың өгей әкесі болып шықты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Білім министрлігі өкілдерінен ер адамның кішкентай балаларды тепкен видеосын көрген-көрмегенін сұрап, уәкілетті органның қандай шара қолданғанын сұрады.
"Кеше бізге Түркістан облысында өгей әкенің осындай әрекетке барғаны туралы ақпарат түсті. Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолдануда", - деді ведомства өкілі.
Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.