Bugin
Фото: ҚР ТЖД
Түркістан облысы Жетісай ауданында екі жүк көлігі соқтығысып, екі адам қыстырылып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жол апаты бүгін, 22 ақпанда Алмалы ауылындағы Мақталы – Жетісай тас жол бойында болған.
Бұл туралы құтқарушыларға куәгерлер хабарлаған.
Облыстық ТЖД мәліметінше, бір адамды "103" қызметкерлері шығарып, дереу ауруханаға алып кеткен. Ал екінші адамды құтқарушылар гидравликалық қайшының көмегімен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.