Bugin

"Қазақтың мақтанышы": Әміре Қашаубаевтың жұмбақ өлімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: triptonkosti.ru

Қазақтың "бұлбұлы" атанған әнші Әміре Қашаубаев неден қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әнші Әміренің даусы 2,5 октава болған.

Тарихшы, зерттеуші Жарқын Шәкәрім әнші туралы "бір әнді бір ғана деммен айтатын" деген деректі де ұсынған.

"Әміре бір әнді бастаса, аяғына дейін бір ғана деммен айтып шығатын деген деректер бар. Себебі, оның оң жақ алқымында өкпенің тұсында дауыс сақтайтын қалтасы бар екен. Ол соған ауаны толтырып, бір деммен ән айтқан көрінеді", - дейді тарихшы.

Сыншылар қазақ әншісін италиялық операшы Энрике Карузо мен америкалық әнші Марио Ланцаға теңейді.

Әміре Қашаубаев Францияда өнер көрсетіп, көпті таңғалдырған. Ол этнографиялық ансамбльмен бірге 11 концертке қатысып, "Ағаш аяқ", "Үш дос", "Екі жирен", сүйікті әні "Балқадиша" секілді әндерді нақышына келтіре орындайды.

Париж халқы қазақ фольклорының қуатына қайран қалып, домбыраның құдыреті мен әуелеген Әміренің дауысына тамсанып, таңдай қағады.

1934 жылдың 7 қарашасында әнші Алматыда "Қыз-Жібек" операсын қою үшін үлкен премьераға дайындалады. Әртіс Күләш Байсейітовамен бірге сахнаға шығып,Төлегеннің партиясын орындау Әміренің арманы болып қала берді.

Себебі Әміре Қашаубаев сол жылдың 6 қарашасына қараған түні қайтыс болған. Қақаған қара суықта Алматы көшелерінің бірінен 46 жастағы әншінің өлі денесі табылады.

Қашаубаевтың жұмбақ өліміне қатысты сан түрлі болжам бар. Бірі "өз ажалы келді" десе, ендігі бірі "у берген" деп болжайды.