Bugin

5 жасар қызды зорлап, жүкті еткен қылмыскер жазасыз қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: s-ova.ru

Лина есімді кішкентай қызды зорлаған күдіктінің кім екені анықталмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Линаның анасы қызының толғанын көріп, қуанған. Алайда ойын баласының іші өсіп, ерекше байқалған соң оны ауруханаға тексеріске алып барады. 

Ақ халаттылар кішкентай қыздың асқазанында қатерсіз ісік бар деп болжайды. Алайда тексерістен кейін оның құрсағында жеті айлық баланың бар екені анықталған.

Осылайша, қарапайым Перу қызы бүкіл әлемге танымал болды және медицина тарихтағы ең жас ана ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қыз бала ерте күйзеліске ұшырап, дене бітімі өзгерген. Линада сүт бездерінің дамуы төрт жасында басталды, ал жамбастың ұлғаюы бес жасында болды.

Лина кесір тілігің арқасында 5 жасында ұл баланы өмірге әкелген. Сәбидің салмағы 2,7 кг болып туылды.

Алайда баланың әкесі анықталмаған. 5 жасар қыздың тағдырымен ойнаған қаскүнем жазасыз қалған.