Bugin
Фото: janar_baisemiz парақшасынан
Шетелдіктер асырап алған Джулия есімді қазақ қызы тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының жүргізушісі, журналист Жанар Байсеміз әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Оның айтуынша Джулиа америкалық азаматпен көңіл жарастырған.
Журналистке қызды асырап, мәпелеген шетелдік әйел оның тұрмысқа шығып жатқанын айтқан.
Біздің сұлу қызымыз тұрмысқа шықты! Дәл қазір Америкадан жеткен сүйінші хабар. Джулиананы бәріңіз @sheteldegi_qazaq_balalary білесіздер. Асырап алған анасы @susan.elko.harris қуанып, суреттерін жіберіп жатыр. Күйеу баламыз Джулиана десе ішкен асын жерге қоятын тамаша жігіт екен. Джулиананың бағы ашылсын, – деп жазды Жанар Байсеміз.
Айта кетейік, елімізден Джулиананың туған әкесі, туыстары табылған болатын.