Bugin

"42 градус суық": синоптиктер аяз сақталатын өңірлерді атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Қазгидромет синопиктері еліміз бойынша 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады", - делінген хабарламада.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.