Bugin

Алматыда тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Google Карта скриншоты

Алматы тұрғындары Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпулерін сезінді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жер асты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 10:08-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,8. Жер сілкінісінің магнитудасы - 5,2", - делінген хабарламада.

Алматыда жер сілкінісінің күші 2 баллды құраған.

Айта кетейік, сағат 10:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтті. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқанын еске салады. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады.