Bugin

Шахта құлап, 15 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Венесуэланың оңтүстік-шығысындағы Боливар штатындағы шахтада апат болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ел президенті Николас Мадурның мәліметінше, оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ел президенті оқиға орнына барлық азаматтық қорғаныс бөлімшелерін жібергенін айтты.

Алдын ала тексерулер шахтадағы апат 30 метр тереңдікке ені 100 метрге дейінгі топырақтың опырылып түсуінен болғанын айтты.