Bugin

Қайрат Сатыбалдының ресейлік "тоқалы" Мәскеудегі қымбат пәтерінен айырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Выход к морю

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалданың ресейлік "әйелінен" Мәскеудегі қымбат пәтерін тартып алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Выход к морю" телеграм арнасына сілтеме жасап.  

Қазақстан билігі экс-президент Назарбаевтың тергеуге алынған туыстарының ғана емес, олардың жақын адамдарының да мүлкін тәркілеп жатыр.

Өткен жылдың қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған видеода агенттік мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізген "заңсыз алынған" активтер тізімі берілген. Олардың ішінде Мәскеудегі элиталық "Золотые ключи" тұрғын үй кешенінде №25 пәтер де бар.  Аумағы 272 м² және нарықтық құны шамамен 1 млрд теңге болатын пәтерлер соңғы уақытқа дейін Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бейресми әйелдерінің бірі, Қалмақ елінің тумасы Марсела Нұрсұлтанның (шын тегі Александрова, басқа тегі Мартиросян) меншігінде болған.

Ол сол кезде уақытша тергеу изоляторында болып, үкімін күтіп отырған Сатыбалдының туыстарымен видеоқоңырау арқылы сұхбаттасушылардың бірі болды. Артынша бұл әңгіменің жазбасы желіде пайда болды. Ресейлік деректер базасынан ағып кетудің арқасында ол туралы тың деректер белгілі болды.

Марсела Александровна кім?

Марсела Александровна (Нұрсұлтанның бұрын тегі Мартиросян болғанын), ал оның бірінші тегі Александрова. Ол 1987 жылы 26 қарашада Қалмақияның Городовиковск қаласында (10 мыңнан аз тұрғыны бар қала) дүниеге келген. Ол біраз уақыт Ставропольде тұрып, сартынша Мәскеуге көшті.

Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екенін қарапайым сақтандыру нөмірімен, салық төлеушінің нөмірімен және ресейлік төлқұжаттарды өзгерту туралы деректермен дәлелдеуге болады. Туған жері мен Мәскеудегі тіркеуі де сәйкес келеді. 2019 жылы Александрова мен Мартиросян алдымен екі Mercedes GLA 250 және Toyota Corolla көлігін алды, ал бір жылдан кейін Марселаға Нұрсұлтан тегі бар жаңа төлқұжат берілген. Қазақстан билігі басып алған пәтердің иесі 2019 жылы 50 мың рубль жалақы алатын бұрынғы шаштараз Марсела Нұрсұлтан болды.

2022 жылдың қыркүйегінде Астана соты Қайрат Сатыбалдыға ірі ұрлық жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салып, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сот барысында Сатыбалдының зардап шеккен тарап болған "Қазақтелеком" және "Көлікке қызмет көрсету орталығы" компанияларына келтірілген шығынды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені айтылды. Тараптар медиациялық келісімге келді. Енді оған қатысты қылмыстық кірістерді жылыстату фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Онда Назарбаевтың жиені тағы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Активтерді номиналды иелеріне беру немесе Марселаның Мәскеудегі пәтері сияқты жақындарына жасалған қымбат сыйлықтар олардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтыны анық. Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында "Антикор" 650 миллиард теңгенің мүлкі (жылжымайтын мүлік, депозиттер, инвестициялар және зергерлік бұйымдар) тәркіленгені туралы хабарлады.